26.06.2017
« ЭКСПО-ға 400 мың адам келген. Соңғы күндердің өзінде «Нұр Әлем» павильонына 150 мың адам келген. Ол өзінің сәулеті мен ішкі мазмұнымен қызықтырады. Көрменің еріктілері 46 елден жиналған. Көрме туралы ақпарат әлемнің ірі әуежайларында таралады, оны 250 млн адам көре алады», - деді А.Есімов.
Ұлттық компания төрағасы айтып өткендей, көрмеге көптеген елдердің қызығушылығы оянды, билетті 55 елдің азаматы сатып алған.
«Біз туристер ағынына куә болып отырмыз. Маусым айынан бастап әуежайға 140 мың шетелдік қонақ келген. Халықаралық ілгерілендіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 1,5 миллиард адам ақпараттандырылды. Көрме соңына дейін олардың саны 2,5 млрд адамды құрайды», - деді ол.
Қайрат Жандыбаев