23.06.2017
Ұлттық компания басшысы азаматтардың көрмеге жоғары қызығушылығын атап өтті.
«Мұндай жақсы динамика сақталатын болса, біз көрменің тіркеу деректерінде қабылданған көрсеткіштерге оңай қол жеткіземіз: 2 млн адам және 5 млн келу», - деп атап өтті А. Есімов.
Бұдан бөлек, басқарма төрағасы отандық және шетелдік БАҚ-тағы медиа қамту статистикасын келтірді.
«Ашылу рәсімінің жазбасын 385 қазақстандық және шетелдік телевизиялық және интернет хабар таратушылар тегін алып, өз контентінде пайдаланды. Ұлыбритания, Германии, Қытай, Ресей, Польша, Чехия, Австрия, Испания, Украина, Беларусь және басқа елдердің арналарында тікелей эфирде көрсетілді. Үoutube сервисіндегі көрменің ресми арнасында және көрме сайтында көрменің ашылу рәсімінің көрсетілімін 270 мың адам көрген. Бұл сандар күн сайын өсіп келеді. Көрменің бірінші аптасында бұқаралық ақпарат құралдарында – 3 мың, оның ішінде шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында 700-ден астам материал шыққан», - деп ақпараттандырды А. Есімов.
А. Есімов өз сөзін қорытындылай келе, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастама жасаған ұлттық жобаны халықаралық ілгерілету жұмысы жайында айтып берді. Ұлттық компания төрағасы Қазақстанның имиджін халықаралық аренада мұндай ауқымды ілгерілету осыған дейін болмағанын атап өтті.