22.06.2017
ЭКСПО аймағындағы Латвия павильонында Қазақстанның білім және ғылым министрлігі мен Латвияның білім министрлігінің 30-дан астам өкілі қатысқан дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге қатысушылар жұмыс бойынша тәжірибе алмасып, әрекеттегі ынтымақтастық пен жаңа мүмкіндіктердің форматын талқылады. Қазақстан мен Латвияның білім беру саласындағы өзара қарым-қатынасы екі ел үшін де қызықты.
Дөңгелек үстел аясында Рижалық техникалық университет пен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік институты арасында ынтымақтастық меморандумы түзілді.
Академиялық ақпарат орталығының басқарма төрағасы Байба Раминя кездесуге баға беріп, диплом біліктілігінің бағасы салыстыруға келетінін айтты.
«Кездесу өте нәтижелі болды, біріншіден, Қазақстанның ЖОО-лары мен Қазақстанның аккредиттелген орталықтарымен жұмыс істеуге қызығушылық бар екенін түсіндік. Қазақстан білім беру саласында Болон үрдісі бойынша үлкен реформалар өткізгенін ескерсек, енді білім берудің үш кезеңі бар: бакалавр, магистр, доктор – бізде диплом біліктілігін салыстыру бола алады. Сондай-ақ, біз Қазақстанның білім министрлігі мен аккредиттелген агенттіктер бізбен ынтымақтасуға дайын екенін көрдік», - деді ол.
Қазіргі таңда Латвияның 17 жоғары оқу орны қазақстандық жоғары оқу орындарымен екіжақты келісім орнатты.
2016-2017 жылдары Қазақстан Латвияда оқитын шетелдік студенттердің саны бойынша алтылықтың қатарына енді. Қазір Латвияда 358 қазақстандық студент білім алуда.