20.06.2017
Іскерлік шараға 60-қа жуық компания қатысты. Ломбардия өңірінің итальяндық компаниялары мұнай-газ, механика, тұрмыстық техника, косметология және фармация, тоқыма, дизайн салаларындағы өз жобаларымен таныстырды.
Қазақстанның атынан құрылыс, мұнай-газ, атом, теміржол, фармацевтика, денсаулық сақтау және авиация, мейрамхана және жиһаз бизнесі салаларында жұмыс істейтін шағын және орта компаниялар қатысты.
В2В келіссөздері барысында екі елдің кәсіпкерлері одан әрі ынтымақтастық жасау мәселелерін талқылады, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық жобаларымен танысты.
Ломбардия өңірінің министрі Антонио Росси атап өткендей, Қазақстан мен Италия кәсіпкерлері арасындағы өзара іс-қимыл және олардың бір-бірімен ынтымақтастық жасау ниеті екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы үшін маңызды болып табылады.
«B2B форматындағы кездесулер әріптестер мен инвесторларды табуға ниет білдіріп қана қоймай, сонымен қатар әлемдік үрдістерге сәйкес өз бизнесін дамытуға әзір компаниялар үшін аса тиімді», - деп атап өтті А. Росси өз сөзінде.
Айта кету керек, EXPO B2B тұғырнамасын әлемдегі бизнесті дамытуға жәрдемдесу мақсатында Миланда өткен ЕХРО-2015 көрмесі уақытында алғаш рет Promos және PwC компаниялары жүзеге асырған болатын.