19.06.2017
20-25 маусым мәдениет күндерінің аясында Ақмола облысы филармониясының кәсіби ұжымдарының, облыстың ең үздік шығармашылық көркемөнерпаз ұжымдарының гала-концерттерін, кескіндеме суреттерінің, халық шығармашылық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жұмыстарының көрме-сатылымдарын, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсететін этноауылдағы театрландырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар мен ұлттық спорт ойындарын тамашалауды ұсынамыз.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, Ақмола облысы шығармашылық ұжымдарының «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты гала-концерті (Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің амфитеатры, «Ақмола жұлдыздары» атты гала-концерт, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі, «2017.EXPO.АКМОLA» әдеби саябақта өтеді.
Этноауылдағы театрландырылған мәдени-көпшілік іс-шараларда Көкшетау қ., Бурабай, Шортанды, Қорғалжын аудандарының көркемдік шеберханаларының шеберлері, шебер-класс көрсетумен «Блэк» ЖШС ұлттық нақыштағы табиғи заттардан жасалған жұмыстарын көрсетеді.
Сондай-ақ, көрермендер облыстық шығармашылық ұжымдарының «Дала сыры» атты концерті, М.Шахановтың повесі бойынша облыстық орыс драма театрының «Шыңғысхан» рок-операсы, Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының «Көкше әуендері» атты концерттік бағдарламасы, Ш.Құсайыновтың «Анамның ақ көйлегі» драмасы, Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры , «Бременские музыканты» балалар қойылымы, облыстық орыс драма театры, А.Островскийдің «Бесприданница» караоке – мелодрамасы, облыстық орыс драма театры, Е.Шварцтың «Дракон» трагифарсы, облыстық орыс драма театрының қойылымдарын көре алады.