• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Австрия  Павильоны жасыл энергетика саласында австриялық сапаны таныстырады (ФОТО) 14.06.2017


Австриялық компания  энергияны әзірлеу бойынша  үлкен рөл атқарады. Австрия павильонының әрбір  павильоны  энергияның баламалы көздерімен байланысқан.  Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко айтып өтті.

«Австрия павильоны  ЭКСПО көрмесінде «Болашақтың энергиясы»  тақырыбы бойынша өзін бірегейлік қырынан таныстырды. Австрия қоршаған орта саласындағы технология бойынша үздік болып есептеледі. Оған қоса, 3 халықаралық австриялық компания  таңдалды.  Бұл компаниялар  гидроэнергия, күн энергиясы  саласындағы   жаңа технологияларды таныстырады. Мәселен, «Andritz Hydro», «Heliovis»», - деді Р.Василенко.

Қазақстандық әріптестерге алғыс айта отырып, Австрияның  зерттеу және экономика, ғылыми вице-министрі Бернадетте Гирлингер айтып өткендей, көрмеге қатысу австриялық компанияларға  жасыл технология саласында өз әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан – Австрияның маңызды серіктесі. ЭКСПО көрмесіне қатысып жатқан барлық елдер  аталмыш салада өздерінің мүмкіндіктерін таныстырады. Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет болып саналады.  «Болашақтың энергиясы» тақырыбы проблемалардың маңызды саласы. Тұрақты даму жасыл экономиканы дамытуға қауіпсіздік жүйесін сыйлайды», - деді вице-министр.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесінде  Австрияның Ұлттық күні өтуде.

Осыған дейін ЭКСПО көрмесіндегі Австрия Үкіметінің комиссары Рихард Шенц, павильон ойын ойнау формасына бағытталғанын айтты. 

Ақбота Күзекбай

ФОТО: Абзал Қалиев

 


 


Back to the list