13.06.2017
1084 шаршы метрлік Франция павильонының аймағында үздік француздық компания мен стартап өкілдері энергетика саласындағы инновациялық технологияларды өндіруге бірікті.
Аталмыш технологияларды ірі француз компаниялары таныстырды. Айта кетейік, француздық кәсіпорындар жасыл энергетика саласындағы техникалық үрдіске аса көңіл бөледі.
Франция павильонының серіктесі ретінде Peugeot, Saint-Gobain, Total, Veolia, Vicat, ITER, Ademe сынды ірі компаниялар бар. Олардың басты мақсаты – Францияның инновациялық саладағы жетістіктерін көрсету.
Франция павильоны Францияның энергиясы қаншалықты ауқымды екенін көрсетеді. Барлық павильондар болашақтың энергиясына бағытталған.
«Біздің энергия қуаныш пен энергиясы бар адамдарға негізделген. Павильон бірнеше аймаққа бөлінген. Онда үш басты тақырып бар: болашақ технологиясы, баламалы технология, ақылды қала, ақылды нысан, экожүйелілік, бұл барынша көп қамтып, аз энергия шығындауды білдіреді. Бұл жерде 8 аумақ, олар дәліздерге бөлінген. Әрбір дәліз тек Францияда ғана емес, барша әлем бойынша энергияның дамуына үлес қосқан тұлғалар», - деді Паскаль Лоро.
Біз өз оқырмандарымызға Франция павильонымен аталмыш павильонның бас комиссары Паскаль Лороның экскурссияясынан танысуға шақырамыз.
Ақбота Күзекбай
Видео: Арман Мұхатова