• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Тәжікстан ЭКСПО көрмесінде су ресурстарының әлеуеті туралы рельефтік карталарды ұсынды 13.06.2017

Тәжікстан Республикасы Ұлттық экспозициясының Бас комиссары хабарлағандай, Тәжікстан павильонында су ресурстарының энергетикалық көлік және гидроэнергетикалық әлеуетін көрсететін рельефтік карталар ұсынылмақ.

Елорда қонақтары мен тұрғындары Тәжікстанның белгілі кен орындарынан бірегей тастарды көре алады.

«Экспозицияда ұсынылған сувенирлер тәжік мәдениетінің тереңдігін, қайталанбастығы мен ерекшелігін сезінуге шақыратын қолданбалы өнер және табиғат әсемдігін жинаған», - деп хабарлайды павильон өкілдері.

Тәжікстан Республикасы Президентінің Атқарушы аппараты Шетелдік байланыстар басқармасының бастығы Бобозада Гуломджон Қазақстанның өңірдегі жоғары рөлін атап өтті.  

«Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктерін көріп отырмын. Осының барлығына Қазақстан Президентінің арқасында қол жеткізілген – бұл Орталық Азияны соңынан ертіп келе жатқан локомотив», - деп атап өтті Бобозада Гуломджон.


Back to the list