• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО ЭКСПО көрмесіне келген туристерге  халқымыздың салт-дәстүрін насихаттайды 12.06.2017

Олар тарихи және сәулет ескерткіштерін тамашалауға арналған туристік нысандар. Мәселен, туристер Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы мен Сауран қалашығына, Отырар ауданында Арыстан баб кесенесі мен Отырар қалашығы, Бәйдібек ауданы бойынша Ақмешіт үңгірі және Домалақ ана кесенесіне бара алады.

Ал, Қазығұрт ауданында «Кеме қалған» мемориалды кешеніне, «Адам ата – Жер ана» табиғи ескерткішін тамашаласа, Төлеби ауданында  «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Түлкібас ауданында «Ақсу - Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығына барып таныса алады. 

Сонымен қатар, Шымкент қаласы  бойынша танымдық экскурсия (Дендросаябақ, Тәуелсіздік саябағы, Наурыз алаңы, Бәйдібек би ескерткіші және т.б.) ұйымдастырлады.

Мұнан бөлек, облыста екі этно-ауыл бой көтерген.

Бұл қоныста қонақтарға  халқымыздың тұрмыс-салты кеңінен насихатталады. Мұнда ат басын бұрғандар  қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып қана қоймай, оны өз қолымен әзірлеуіне де жағдай жасалған.

 


Back to the list