09.06.2017
Бүгін Жер тағы бір шарға толықты – Астанада «Нұр Әлем» сферасы жағылды. ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуын барша қазақстандықтар күтті, отандастар ғана емес, барлық әлем болып күтті. Астана бүгін әлем елдерінің отанына айналды.
Ресми ашылу 17 ел басшысы мен үкімет басшыларының келуімен басталды. Елбасының қарсы алуынан кейін Қазақстан павильонымен, жалпы көрмемен танысу болды. Сондан кейін, Мемлекет басшылары орналасқан кортеж көрме павильондарын аралап шықты. Кейін естелік сурет жасалды.
ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми бөлігі Конгресс-Орталықта өтті. Амфитеатрда концерттік бағдарлама өтті. Қазақстандық елорданың жұлдызы жанды, кейін оны мерекелік отшашудан байқауға болады.
Шара аяқталған соң көрермендерге Сферада лазерлік шоу ұйымдастырылады. Әлемдік шара 93 күнге созылады.
Қайрат Жандыбаев