09.06.2017
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның алаңында қол жеткізген келісімдерді іске асыру мәселелері талқыланды.
«ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбына ерекше назар аударылды.
Айта кетейік, Премьер-Министрдің орынбасары, энергетика министрі Кахабер Каладзе бастаған Грузия делегациясы Астанаға ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына келді.