06.06.2017
Қала әкімдігінің ақпараты бойынша аталған шараға құрамында эстрада жұлдыздары, қолөнершілер, шығармашылық ұжымдар бар 400-ден астам адам қатысады.
Сонымен, 11 маусымда «Қазақстан» ОКЗ-да «Махабатпен, Алматыдан!» атты концерттік бағдарламамен мәдени күндер ашылады, қазақ эстрадасының жұлдыздары Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, Мәдина Араппаева, Мәдина Сәдуақасова, Айқын, Луина, «Дос-мұқасан», «Рензо», «Аюми», «Кешью», «Жігіттер» топтары,«Сарын» дуэті, «Салтанат» ансамблі, «Бала дауысы» балалар байқауының жеңімпаздары және басқалары өнер көрсетеді.
Бұдан басқа, 12-16 маусым аралығында Алматының мемлекеттік қуыршақ театры Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрында күніне екі рет «Құлыншақ пен Бөлтірік»,«Веселые медвежата» атты үздік спектакльдерін қазақ және орыс тілдерінде ұсынады. Сонымен қатар, «Жастар» театрында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Асқақтай бер, қазақтың сазды әуені» атты музыкалық кеші өтеді.
Ал, 11-19 маусым аралығында «Этно-ауыл Алматы» көрмесі болады, мұнда үздік суретшілер мен қолөнершілер өз туындыларын ұсынып, шеберлік сыныптарын өткізеді.
Мерекелік шараны 18 маусымда «Астана ЭКСПО - 2017» арнайы көрмесінің амфитеатрнда мәдени күндердің «Асқар таулы Алматы!» атты салтанатты концерт қорытындылайды.