05.06.2017
ІІМ ТЖК хабарлағандай, жұмылдырылған жеке құрам ағылшын тілін оқыту курсынан өтті. Барлығы 1000 дана тілашар шығарылды және ТЖК, оның аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері арасында таратылды.
Азаматтық қорғау органдары қажетті арнайы киім-кешекке, автотехникаға және басқа да құралдарға ие. Аумақтық бөлімшелерден қызметкерлерді жіберу үшін кандидатураларды арнайы құрылған комиссиялар мынадай көрсеткіштер бойынша алдын ала қарады:
– авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу тәжірибесі;
– тактикалық-арнайы және дене дайындығында үздік көрсеткіштерді көрсеткендер;
– қызметтік жұмыста тәртіптік жазаның болмауы.
Топтама кезекшілігін ұйымдастыру 3 маусымнан басталды.
Айта кетейік, жеке құрам ағылшын тілінің курстарынан өткен болатын.