02.06.2017
«Облыстың 3750 астам жетімдер үйінің баласы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне бару мүмкіндігіне ие болды. 1050 оқушы мен дарынды балаларды, жетім балаларды көрмеге жеткізу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінген болатын. Жергілікті бюджет есебінен көрмеге 2700 бала барады», - деді облыстық кәсіпкерлік басқарамасының жетекшісі Татьяна Аблаева.
Қарағанды облысының тұрғындары Астана қаласында 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 90 мыңнан астам билет сатып алған.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс тұрғындары ЭКСПО-ға 90 мыңнан аса билет сатып алған.