01.06.2017
Ақпаратқа сәйкес, 300 адамнан тұратын алғашқы топ Алматыдан келсе, 100 волонтерден тұратын екінші топ Қостанайдан келмек. Барлық келушілер вокзалдан арнайы автобустармен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне барады. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне барлығы 4,5 мыңнан астам волонтер қатысатын болады.
Волонтерлерді дайындау үшін оқыту бағдарламалары әзірленгенін айта кету керек, әрбір волонтер ЭКСПО-2017 волонтерлік қозғалыс қатысушылары үшін арнайы әзірленген әдістемелік оқу құралын алады.
Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесі Астанада 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді. Әлемнің 115-тен астам елі өз павильондарымен таныстырады. Астанаға күн сайын кемінде 20 мың адам келетін болады. Көрменің ашылу рәсімі 9 маусымда өтеді.