31.05.2017
Қала әкімдігі хабарлағандай, эко-автошеруге қатысушылар бүгін Бішкек қаласынан шараны бастап шығады. Қарағандыға олар 4 маусымда келеді деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар олар Алматы, Сарыағаш, Астана, Балқаш және Ресей, Белорус, Армения және Еуропа елдерінің қалаларын аралап шығады.
Эко-автошеруді G-Global Халықаралық секретариаты мен G-Global дамыту және жасыл экономиканы қолдау Коалициясы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін қолдау мақсатында ұйымдастырып отыр.
Қарағандылықтардың эко-автошеруге қатысушылармен кездесуі 4 маусымда ҚарМТУ-да болады. Басқосуға студенттер, ғалымдар, кәсіпкерлер қатысады деп жоспарлануда.
«Шараның басты мақсаты – әлемді анағұрлым экологиялық және аз қуат жұмсаушы ететін қолжетімді «жасыл» технологиялардың мүкіндіктерін көрсету болып табылады», - делінген хабарламада.