29.05.2017
Өңірдің әкімдігі хабарлағандай, М.Мырзалин сауда мен тамақтану орындарына, техникалық қызмет көрсету, кемпинг пен ақпараттық стендттерге баға берді. Кәсіпкерлермен әңгімелесу кезінде М.Мырзалин ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде жол бойындағы қызмет көрсету сапасы өте маңызды екенін айтып өтті.
«Ақмола облысы отандық және шетелдік туристерді қарсы алуға дайындалып жатыр. Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы туристік әлеуетті ескерсе, туристер ағыны Ақкөл, Шортанды, Бұланды және Бұланды ауданының аймағына қарасты болады», - деп хабарлады әкімдікте.
Осы орайда аудан әкімдері мен салалық басқарма жетекшілеріне қоғамдық орындардың санитарлық жағдайы мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көгалдандыру мен абаттандыру, ақпараттық стендттерді орналастыру мәселелерін тапсырды.
«Жол бойындағы бизнес тұрғындарға сапалы қызметті халықаралық шара аяқталған соң да көрсете беруі керек», - деді әкім.
Өз кезегінде, аймақ басшысы туризм саласына қолдау көрсететініне уәде берді.