29.05.2017
Оның айтуынша, аудармашы-гидтердің негізгі бөлігі 6 тілді біледі, 11 тіл білетін полиглоттар да бар. Олар түрік, қытай, ағылшын, жапон, француз, корей, испан және өзге тілдер.
«Шетелдік туристерге түсіндіру қажет болса, олар толық қызмет көрсете алады», - деді А.Адамбеков.
Сондай-ақ, Астана тарихы мен көне Бозоқ қаласы, көрнекті орындар туралы түсіндіріп беретін жолбасшы әзірленді.
«Бұдан бөлек, біз өңірлермен жұмыс істеп отырамыз. Олар туристерге Астана туралы қажетті ақпарат береді», - деді ол.