23.05.2017
Алматыда «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуы қарсаңында Астанаға қатынайтын қосымша әуе, теміржол, автобус рейстері ашылды. Оған себеп- екі қала арасындағы жолушы легінің 30% -ға (4 832 адамнан 6 000 адамға дейін) артуы.
«1100 адамға қызмет көрсететін күнсайынғы 13 ұшу бағытына 300 жолаушы орны бар тағы да қосымша 4 рейс қосылды. Күнсайын еліміздің бас қаласына баратын поезға 408 орынды тағы бір вагон жалғанды», - деп хабарлады әкімдік.
Бұлардан өзге, күнара қатынайтын бағытқа қосымша состав бөлінді, соның арқасында жолаушы саны 512 адамға артты Күнсайын жүретін автобус рейстері 2- ден 6-ға көбейді, бұрыннан бар 110 орынға тағы да 300 орын қосылды.