22.05.2017
«Астана Опера» «ЭКСПО-2017» бағдарламасына арналған театрдағы іс-шаралар тізімін ашатын қазақ музыка өнерінің аса көрнекті туындысы – А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» ұлттық классикалық операсын ұсынады. Спектакль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Дирижерлік тізгінде – маэстро Алан Бөрібаев.
«ЭКСПО-2017» тәрізді халықаралық деңгейдегі осындай маңызды оқиғаға арналған іс-шаралардың жарқын бағдарламасын ұсыну – біз үшін үлкен мәртебе. Оны қазақ операсының жауһары – атақты отандық композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» спектаклі ашады. Бұл шығарманы біз кездейсоқ таңдаған жоқпыз – ол біздің ұлттық өнеріміздің «бірегей туындысы», – деді «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров.
Осы жауһар опера туындысы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің либреттосының желісі бойынша туындаған. Оқиғалар негізіне – ұлы қазақ ақыны, ағартушы және философ Абай Құнанбаевтың өмірінен (1845-1904) алынған драмалық оқиғалар алынған.
Жетекші партияларды «Астана Опера» театрының жарқыраған жетекші солистерінің жұлдызды құрамы ұсынуға дайындалуда. Басты партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин орындайды, Айдар рөлінде – халықаралық байқаулар лауреаты Мейір Бәйнеш, Ажар – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера примасы Майра Мұхамедқызы, Қарлығаш - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Сырттан – Армения халық әртісі Барсег Туманян.
Қойылымды Қазақстан мен Италияның көрнекті өнер қайраткерлері қойған.