• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б.Сағынтаев ЭКСПО-2017 көрмесінің объектілерін аралады 20.05.2017

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі «Citic Group Corporation», «ҚТЖ» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Медикер» ЖШС мен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ компанияларының презентациясы өткен корпоративтік павильон жұмысымен танысты.

Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекте аяқталады. Көрмеге 2 млн-нан астам адам келеді, ал жалпы көрмені аралаушылар саны 5 млн адамға жуық болады деп күтілуде.

«Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің жалпы ауданы 174 гектарды құрайды, онда барлығы 35-ке жуық нысан орналастырылады. Көрме аймағында Қазақстанның ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда-ойын-сауық нысандары орналастырылады. Көрме аймағынан тыс аумақта конференц-орталық, баспасөз орталығы, жабық қалашық, тұрғын үйлер және қонақ үйлер орналасқан.

ЭКСПО-2017 көрмесін өткізгеннен кейін көрме базасында Астана халықаралық қаржы орталығы қызмет көрсететін болады, сонымен қатар әлемнің әр түкпірінен инвесторлар мен кәсіпкерлерді тартуға арналған платформаға айналатын ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі құрылады.


Back to the list