18.05.2017
Жыл сайын велошеру 2500-ден астам адамның басын қосады. Велошеруге қатысушылар Қабанбай даңғылы, Қорғанжын тас жолы мен Тұран даңғылы бойынша 10 км 500 м қашықтықты жүріп өтуі керек және де «Астана Арена» стадионында мәрені аяқтайтын болады.
Старт сағат 9:00-де «Астана Арена» стадионына қарама-қарсы бетте Қабанбай көшесінің бойынша беріледі. Шеруге қатысқысы келетіндердің баршасына велосипедті жалға алу мүмкіндігі беріледі.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, тілге тиек етілген көшелердің барлығы велошеру барысында жабылады.