17.05.2017
«Бақытты билет» жұмыс күндерінің бірінде көрмені тегін барып көруге және заманауи технологияларға қосылуға мүмкіндік береді.
«Билеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына, сондай-ақ ғылыми жұмыстармен белсенді түрде айналысатын оқушылар мен студенттерге беріледі. Бұдан басқа, «Жыл мұғалімдері» және ғылыми жобаларға жетекшілік ететін оқытушылар көрмені тегін барып көреді», – деп атап өтті Алматы қаласы бойынша «Астана Экспо-2017» жедел штабының басшысы Самғат Ермекбаев.
Оның айтуынша, меценаттар «Астана Экспо-2017» алматы штабына оқушылар үшін 200 билет, мұғалімдер үшін – 300 билет, студенттік жастар мен ЖОО оқытушылары үшін – 500 билет сатып алу бастамасымен өтініш жасады.
Бір билеттің құны – 4 000 теңге.