• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Теміржол вокзалдарының қызметкерлері ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында оқудан өтуде 15.05.2017

Жыл басынан бері вокзал бастықтары, олардың орынбасарлары, вокзал бастықтары кезекшілерінің көмекшілері, анықтама кезекшілері, дикторлар, перрон кезекшілері - ағылшын тілін меңгеру, әдептілік, қызмет көрсету мәдениеті секілді дәрістерден өткізілді.

«Вокзал – қаланың бас қақпасы. Сондықтан да қонақтардың Қазақстанмен танысуы сол мекемеден басталады. Соған орай жолаушыларды вокзалда күтіп алу-шығарып салудың маңызы зор. Еліміздің бас қаласында өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ зор әзірлікпен кірісуде. Біз қызметкерлерімізді ерекше дайындап жатырмыз. Вокзалдардың барлық қызметкерлері тақырыптық сабақтардан өткізіліп, арнайы нұсқамалықтарды меңгеруде», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Вокзал шаруашылығын дамыту мен пайдалану жөніндегі атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Вокзал шаруашылығы департаментінің менеджері Ғ. Бекмағамбетовтың айтуынша, Республиканың барлық вокзалдарында ақпараттық қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылуда. Оның ішінде тақырыптық баннерлер, арнайы бейнероликтер жасалуда.


Back to the list