• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
М.Мырзалин Бурабайдың ЭКСПО-2017 қонақтарын қабылдауға дайындығын тексерді 15.05.2017

Сонымен, әкімдіктің мәліметі бойынша аймақ басшысы Абылайхан алаңын, орталық базар мен халықтың жаппай демалу алаңдарын аралады. Сапарының нәтижесі бойынша, М. Мырзалин бірқатар ескертулер беріп, абаттандыру жұмыстары мен санитарлық қауіпсіздік мәселесін қысқа уақытта шешуді тапсырды.

«Елорда маңында орналасқан аймақ ретінде ақмолалықтар халықаралық көрменің ұйымдастыруы мен өткізу жұмыстарына белсінді қатысу керек. Біз шетілдік қонақтарды лайықты қарсы алып, жоғары деңгейдегі қызмет көрсету сервисін ұсынуымыз қажет», - деп баса айтты М. Мырзалин.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысы туристерді қабылдау үшін 7 турпакет жасақтады, олар Щуче-Бурабай курорттық аймағы мен «Қорғалжын» қорығын қамтитын 30-дан астам бағыт құрды. 


Back to the list