11.05.2017
Ақпараттық стенд ЭКСПО-2017 көрмесі туралы ақпаратпен жабдықталған, ол интерактивті форматта оның тақырыбымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, көрмеге билет алуға мүмкіндік беріледі. Ал 3D турдың көмегімен ЭКСПО аумағына виртуалды саяхат жасауға болады.
Сонымен брге, промо-стендтің көмегімен Дю Солей циркіне билет сатып алуға да болады.
Жолаушылар промо-стендтің мүмкіндіктерін бағалап, ол уақыт үнемдеуге көмектесетінін атап өтті.
Еске сала кетейік, «ЭСКПО-2017» ақпараттық стенді елорданың теміржол вокзалында да орнатылған.