07.05.2017
«Қазіргі уақытта Жарқайың, Ерейментау аудандары өңірде билет сату бойынша алдыңғы орында. Степногорск қаласында 13,2 млн теңге сомасына үш мың билет сатылды. Мұндай табыс демеушілерді қарқынды тартумен байланысты», - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 көрмесі уақытында Щучинск-Бурабай курорттық аймағына 1 млн 800 мың турист келеді деп күтілуде. Бұл ретте ауданда қонақтарды орналастыруға арналған 154 нысан бар: қонақ үйлер, шағын қонақ үйлер, туристік базалар, санаторий-курорттық үйлер. Олардың барлығы қазіргі уақытта туристерді барынша жақсы қарсы алуға дайындық үстінде.