• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада 12 жаңа учаскеде қоғамдық көлік жолақтары енгізіледі 05.05.2017

«Бұл шешім жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, автобустардың жүру жылдамдығын 20%-ға ұлғайтады, сәйкесінше жолаушылардың аялдамада күту уақыты азаяды», - деді спикер.

Екіншіден, апаттылықты азайту және өткізу қабілетін ұлғайту бойынша қосымша шаралар ретінде айналма жолайрығынан Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылы бойынша сол жаққа бұрылуға уақытша тыйым салынбақ.

Үшіншіден, ЭКСПО өткізу барысында қаланың көлік торабын тарату шешімінің бірі Shuttle Bus 7 жаңа бағдары болып табылады. Оларға Iveco Urbanway маркалы 167 автобус қызмет көрсетеді. Жүру уақыт аралығы 5-7 минут. Бұдан басқа бұл бағдарларда аялдамалар аз болады (орташа 8).

Shuttle Bus ЭКСПО көрме орталығын қаланың шалғай аймақтарымен байланыстырып, адам көп жиналатын аялдамалар арқылы өтеді – қонақ үйлер, ұстап қалатын тұрақтар, ірі сауда орталықтары. Жолақының құны – 150 теңге.


Back to the list