28.04.2017
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев алдын ала деректер бойынша көрмеге 2,5 млн-ға жуық адам келетінін атап өтті. ТМД, Қытай, Еуропа, Түркия және АҚШ-тан көп туристер келеді деп күтілуде.
«Осы жағдайды пайдалана отырып, баршаңызды Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырамын», - деді Б. Сапарбаев.
Ол Юрий Бергке кәдесый билетін табыс етті.
«Қазақстандық тараптың халықаралық көрмені өткізуге қалай дайындалып жатқанын көріп отырмыз. Оның Астанада сәтті өтуі үшін арнайы «ЭКСПО» бірегей қалашығы да салынып жатыр. Көрмеге міндетті түрде келеміз», - деді Орынбор облысының губернаторы.
Еске сала кетейік, Орынборда Ақтөбе облысы күндері өтіп жатыр.