24.04.2017
1, 4, 6, 8 қыркүйекте ұжымымыз «Астана Опера» сахнасында Джузеппе Вердидің жарқын әрі күлкілі операсы «Фальстафты» ұсынады, ал 7 және 9 қыркүйекте Людвиг ван Бетховеннің жауһар туындысы - ғаламат №9 симфониясы заманымыздың көрнекті маэстросы Зубин Метаның жетекшілігімен орындалады.
Дж. Вердидің «Фальстаф» операсының негізіне У. Шекспирдің шығармасы – «Виндзорлық сотқарлар» комедиясы және «IV Генрих» тарихи хроникасынан алынған көріністер алынған.
Атап өтсек, гастрольге шыққан әртістер 2015 жылы бүкіләлемдік «ЭКСПО» көрмесі өткен Миланнан Астанаға «эстафетасын тапсырды» десек те болады.