13.04.2017
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Ербол Шорманов өз сөзінде айтып өткендей, бұл қадам елімізде және елімізден тыс жерлерде көрмеге деген қызығушылықтың өсіп және сенімнің нығайып келе жатқанын білдіреді.
«Біз барлық нысандардың құрылысын аяқтап, контенттік толтыруға көштік. Жақында ХКБ басшылығы атап өткендей, алдағы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі соңғы ширек ғасыр ішінде үздік болып атанбақ», – деді Е. Шорманов.
Демеушілік қызмет туралы меморандум аясында жаңа әріптестер үшін «Көрме досы» санатына сәйкес жеңілдіктер, сондай-ақ корпоративтік павильонда 50 ш.м. көлемінде аудандар берілетін болады.
Айта кетейік, бүгінде 40-қа жуық қазақстандық және шетелдік компания ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің демеушілеріне айналды, жасалған шарттардың сомасы 38 млрд теңгеден астам.