12.04.2017
Өрт сөндіру депосын салу ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.
«Тұтастай алғанда, 6 автомобильге арналған салынған өрт сөндіру депосы барлық заманауи талаптарға жауап береді. Штаттық жасақтау және өрт сөндіру-құтқару техникасын жарақтау мәселелері шешілді, бұл көрме объектілерін өртке қарсы қорғауды айтарлықтай күшейтті», - делінген хабарламада.
Жоғары білікті мамандарды тарта отырып, тиісті жабдықпен және техникамен жарақталған, заманауи стандарттар мен қолданыстағы нормаларға жауап беретін өрт сөндіру депосын пайдалануға беру нәтижесінде өртпен тиімді күрес үшін жағдайлар мен нақты мүмкіндік жасайды.
Өрт сөндіру депосының кешеніне өрт сөндіру депосының 4 қабатты ғимараты, 2 бағаналы отын құю пункті, өрт сөндіру резервуары, қазандық, оқу-жаттығу мұнарасы бар алаң, кедергілермен 100 метрлік жолақ алаңы, автомобильдер тұрағына арналған алаң, баскетбол-волейбол алаңы және бақылау-өткізу пункті кіреді.
Өрт бөлімшесінен көрме объектісіне дейінгі арақашықтық 2 шақырымды, келудің есептік уақыты 5-6 минутты құрайды.