05.04.2017
Әлемге әйгілі INSEAD бизнес-мектебінің нұсқасы бойынша доктор Бехжат әл-Юсуф БӘӘ-нің беделді әйел азаматарының қатарына жатады және Араб ғылым мен технология қорын басқарады.
Кездесу барысында Бехжат әл-Юсуф жастардың халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысуына және жоба аяқталғаннан кейінгі мұраға үлкен қызығушылық танытты. Сонымен қатар, ол «жасыл» энергетика тақырыбы институттың білім бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі екенін баса айтты.
«Көрменің тақырыбы арнайы павильондарда кеңінен ашылады және осы саладағы әлемнің үздіктері «Үздік тәжірибе аймағы» деп аталатын жеке павильондар да таныстырылады. Көрме аяқталғаннан кейін павильондар негізінде білім беру орталықтары құрылады, онда жастарға аталмыш тақырыпты кеңінен меңгеруге мүмкіндік беріледі», – деп атап өтті А. Есімов.
Бұдан басқа, ұлттық компания басшысы оқушылар мен студенттерден көптеген ұсыныстар келіп жатқанын атап өтті.
Кездесу соңына қарай тараптар ынтымақтастық орнату туралы келісімге келді.
Естеріңізге сала кетейік, халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді.