31.03.2017
« «Қазанат» Ипподромы алаңында этноауыл өткізуді ұсындық. Этноауыл аймағы 2500 шаршы метрді құрап отыр. Ипподромда әртүрлі шаралар өтеді. Атап айтсақ, дәстүрлі спорттық ойындар: көкпар, бәйге, қыз қуу және т.с.с. Біз алдымен 11-13 маусым аралығында Президент кубогына бәйге өткіземіз», - деді Мәдениет және спорт министрі.
Этноауылда қолөнершілердің көрмесі өтеді, шара аясында концерттік алаң ұйымдастырылады. Қазіргі таңда министрлік бірегей «Spirit of Tengri» жобасымен келісімге қол қойды. Аталмыш концерт 10-маусым басталады.
«Шарада бүркіт пен құмай тазыларды қатыстырумен дәстүрлі көріністер қойылады. Ұлттық ойын-сауық секторы да жұмыс істейді, көкпар, алтыбақан, күміс салу және өзге ойындар ұйымдастырылады. Этноауыл аясында біз жамбы ату, садақпен ату, аударыспақ ұлттық ойындарын өткіземіз», - деді ол.
Министрдің айтуынша, бұл ауқымды әрі бірегей этноауыл болмақ.
Ақбота Күзекбай