30.03.2017
«Мен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде бағалардың өсіп-құлдырауы өзгереді деп ойламаймын. Алайда, мейрамханалар мен қонақ үйлер, ойын-сауық орталықтары мен туристік орындардың бағасы сәйкесінше артуы мүмкін. Азық-түлік бағасына келетін болсақ: ЭКСПО көрмесіне келушілер мәдени орындарды аралап, көрмелерге кірген соң қоғамдық орындарда тамақтанады. Сондықтан, ЭКСПО кезеңінде азық-түлік тауарлары бағасының көтерілуі күтілмейді», - деді министр.
Оның айтуынша, дүниежүзілік көрме кезінде азық-түлік бағасының түсу маусымы болады.
«Бұл кезеңде астық маусымы белең алады. Оңтүстіктен жеткізілімдер артады, солтүстіктің де өзіндік тасымалдаулары бар. Бұл біздің шағын және орта бизнеске тиімді әсер бермек», - деді ол.
Ақбота Күзекбай