29.03.2017
Айта кетейік, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне 73 күн қалды. Ақмола облысында 54 тармақтан тұратын шараның жоспары әзірленді.
«Туристерді қабылдау үшін өңір туроператорлары 7 турпакет әзірледі. Ол Щучье-Бурабай курорттық аймағы мен Қорғалжын қорығында 30 бағытты қамтиды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, көрме қонақтарын қарсы алуға 100 қонақ үй, турбаза мен 28 курорттық-санаторий бір мізетте 12 мың адамды қабылдай алады.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылық кәсіпкерлері көрме кезінде елорданы азық-түліктің қажетті түрімен қамтамасыз ету нақыталанды.