28.03.2017
Астана тұрғындары мен қонақтары Людвиг ван Бетховенді саусағынан бал тамған Луккезинидің орындауында ести алады.
Мария Типо жетекшілігінде оқып үйренген Андреа Луккезини Ла Скала театрындағы Халықаралық байқауда жеңімпаз атанып, өте ерте халықаралық танымалдылыққа ие болады. Сол кезден бастап, ол әлемнің жетекші дирижерлері және оркестрлерімен өнер көрсетіп келеді.