14.03.2017
«Жұмыс қорытындысы бойынша «ЭКСПО-2017 кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасы құрылып, жүзеге асырылатын болады. Онда әлемдік жетекші өндірушілердің қауіпсіздік саласындағы техникалық жетістіктері қолданылады. Кіру топтарына ерекше назар аударылады», - деп баяндады Ұлттық компания қауіпсіздік Департаментінің Директоры Рустам Чакенов.
Сонымен қатар, тексеру құралдарымен жабдықтау, көрме аумағында келуші қонақтарға жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тыйым салынған заттарды міндетті түрде тексеруден өту талап етіледі.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жүкті әйелдерге, балаларға арналған бөлек жол қарастырылған.
ЭКСПО аумағында жедел әрекет ету үшін Астана қаласы ІІД оперативті басқару Орталығына қосылған 2 мыңнан астам бейне-бақылау камералары орнатылған және адам тану міндеттерін атқаратын 140 бейне камералары бар.
Ақбота Күзекбай
Фото: Арман Мұхатов