14.03.2017

ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының қауіпсіздік департаментінің директоры Рүстем Шакеновтың айтуынша, қауіпсіздіктің кешендік жүйесі өзіне 12 жүйені қамтиды, оның ішінде видео-бақылау, алдын ала қарау қондырғысы бар.



Көрмеде 20 мың сигнал беру тетігі, 2100 бейнебақылау камерасы орнатылған, әрбір павильон құлақтандыру құралдарымен жабдықталған.


«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұлттық компания қызметінің басты бағытының бірі болып саналады. Айта кетерлігі, ірі шараға дайындық барысында Шанхай мен Йосода өткен көрменің тәжірибесі ескерілді», - деді Рүстем Чакенов.




Сондай-ақ, 1000 қызметкер ағылшын тіліне үйренді, сауатты сөйлей алады. Ол үшін шет тілдерін білетін ерікті студенттер тартылды.


Айта кетерлігі, ЭКСПО-2017 аймағындағы аталмыш қызмет өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеуде. Аймақта 2 мың бейнебақылау камерасы орнатылған.
Ақбота Күзекбай
Фото: Арман Мұхатов