11.03.2017
Кездесу барысында тараптар Кенияның астана көрмесіне қатысуы, ұлттық күнін өткізу және павильонды контенттік толтыру мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындылары бойынша Кенияның "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойылды.
«ЭКСПО-2017 тұғырнамасы екіжақты қатынастардың дамуына және елдер арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға серпін береді», - деп атап өтілді ұлттық компанияда.
Кениялық комиссар Қазақстан мен Кенияның сауда-өнеркәсіптік палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою ерекше маңызды екенін атап өтті.
К. Киптоо мәлімдегендей, көрмеде Кения елдің баламалы энергия көздері, атап айтқанда, күн энергетикасын пайдалану саласындағы жетістіктерін ұсынуға ниетті. 2017 жылы елде 81 гектар шөлді жерлерді қамтитын, қуаттылығы 50 МВт күн фотоэлектрлік электр станцияларын іске қосу жоспарланған.