• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан өңірлерінде ЭКСПО-2017 көрмесінің билет сататын кассалары ашылады 07.03.2017

2017 жылғы 8 наурызда Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Көкшетау қалаларында ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми билет сататын кассаларының ашылуы өтеді. 2017 жылғы 12 наурызда сағат 12.00-де билет кассалары Петропавл, Талдықорған, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында ашылады. 2017 жылғы 25 наурызда сағат 12.00-де билет кассалары Қостанай, Ақтөбе, Орал, Ақтау және Атырау қалаларында жұмыс істей бастайды.

Атап өтейік, қазіргі уақытта ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассалары Астана және Алматы қалаларында ашылған. Бұдан бөлек, билеттерді ресми билет сайтында және Қазпошта бөлімшелерінде сатып алуға болады. 


Back to the list