• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Р.Тәжібаева: Отандық өнім экспортталады  (ФОТО) 06.03.2017

«Біз компанияларға өз жұмыстарын одан әрі белсенді жүргізуге жағдай жасап отырмыз. Олар осында өз өнімін қою үшін 1 жылға 300 мың теңге төлейді. Бұл қаржы тиісті қызметті көрсететін азаматтарға беріледі. Яғни әрбір кәсіпкерден түскен ақша сатушыға, осы жерде қауіпсіздік қызметіне жауап беретін күзетшіге беріледі», - деді аталмыш федерация президенті.

Шараны «Халық маркасы» федерациясы мен «Еуразиялық Іскер Одағы» ұйымдастырған. Жобаның мақсаты – отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету.

«Қазіргі таңда павильонға 20-дан астам бренд өз өнімдерін ұсынып отыр. Ал «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дейін жалпы үздік 100 бренд өз өнімін көрсетеді деп жоспарлап отырмыз. Көпшілік назарына ұсынылған тауарлардың әлеуеті жоғары, экспортқа бағытталған», - деді ол.

Оның айтуынша, павиольонда кәсіпкерлер үшін тиісті жағдай жасалған.

Сондай-ақ, шараны ұйымдастырушы павильонға қойылған отандық өнімдерге шетелдік қонақтар тарапынан сұраныс жоғары болатындығын атап өтті.

 Ақбота Күзекбай

Фото: Арман Мұхатов 


Back to the list