23.02.2017
«Біздің мемлекет түрлі ЭКСПО көрмелеріне қатысып жүр. Сондықтан Қазақстанда өтетін «ЭКСПО -2017» көрмесінде біз еліміздің алдыңғы қатарлы технологияларын көрсету мүмкіндігі үшін шынайы қуаныштымыз», - деді ол.
Айта кетейік, Астанада 22-23 ақпан аралығында «ЭКСПО-2017» көрмесі халықаралық қатысушыларының үшінші жиыны өтті. Аталған шараға 100-ден астам елдің 326 делегаты, сонымен қатар мемлекеттік мекемелер, бизнес пен трансұлттық компаниялар және ЭКСПО демеушілері мен серіктестері қатысты.