23.02.2017
«ЭКСПО ұйымдастыруына жауапты адамдардың жауапкершілігі ұнады. Комиссарлар мен олардың отбасыларына дайындалған пәтерлер маған ұнады. Коммуникациялар мен қолайлы жағдай, безендіру, қызмет көрсетудің сапасы жоғарғы деңгейде. Ең бастысы – аталмыш үйлер көрме алаңынан алыс емес», - деді спикер.
Висенте Лоссерталес айтып өткендей, «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі соңғы 25 жылдағы үздік шара болады.
«Біз нысандарды араладық, инновациялық инфрақұрылым ғана емес, павильондардың сапасы мен нысандарға тиесілі мәдениет те барлық стандартқа сай болып отыр. Меніңше, бұл ЭКСПО-дағы 25 жылдық жұмысымдағы ең үздік жоба», - деді ол.
Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы ЭКСПО-2017-ге дайындықтың жоғары деңгейін атап өтті.
«ЭКСПО-2017- ортақ жоба. Оның бюджеті өзгеріп отыруы керек. Көрмені өткізудің сапасы – жауапкершілік мәселесі. Тиімділік – көрме бағдарламасының сапасына әсер етпесе құптарлық жағдай. Бюджетті үнемдеу – салық төлеушілерге үлкен көмек, ол мемлекеттің қаржыны дұрыс жұмсап жатқанын көрсетті», - деді В.Лоссерталес.