22.02.2017
Ұлттық компания хабарлағандай, «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық қатысушыларының үшінші жиыны аясында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Германияның ұлттық секция комиссары Дитмар Шмитц, Францияның Паскаль Лор, Литваның Ромас, Янкаускаспен екіжақты кездесулер өткізді.
Сондай-ақ, Люксембургтың Төтенше және Өкілетті елшісі Жан-Клод Кнебелрмен кездесу өтті.
Германия, Франция, Литва комиссарларымен Ахметжан Есімов павильондардың құрамы мен көрме аясында жедел қызмет туралы әңгімелесті.
Люксембургтың Төтенше және Өкілетті елшісі Жан-Клодом Кнебелермен көрмеге қатысу туралы келісім шарт орнатылды. Әңгімелесу барысында Люксембургтың ұлттық Комиссарын тағайындау мен павильондағы құрылыс-монтаж жұмыстарын талқыланды.
Сондай-ақ, «ЭКСПО-2020 Дубай» Бюросының директоры Саймон Клегпен кездесу өтті. Қорытынды бойынша тараптар «Астана ЭКСПО-2017» мен «ЭКСПО-2020 Дубай» Бюросы Астананың көрмені өткізу тәжірибесін дубайға беру және көрмені ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс тобын құрды.