• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
БҰҰ ЭКСПО-2017 базасында жасыл технологиялар орталығын ашуды  қолдады 09.02.2017

Ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында тараптар ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жобасын талқылады.

Ахметжан Есімов бүгінгі таңда 115 ел мен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын растағандығы туралы мәлімдеді. 18 ел павильондарын тақырыптық безендіруге кірісті. Жаңартылған энергия көздері саласында БҰҰ экспозиялары ең үздік жобалар мен жетістіктерін көрсететініне сенімділік білдірді.

Өз кезегінде, Султаноглу ханым Қазақстанның Тұрақты Даму Мақсаты дамуында, сондай-ақ, мемлекеттің тұрақты және рационалды энергия саласында ықпал ететін шаралар қоладануы мен келісім жүргізе алуы  көшбасшылықтың белгісі ретінде бағалады.

«Біз Н.Ә.Назарбаевтың жасыл технология орталығын ашу жайлы бастамасын қолдаймыз. Сонымен қатар, осы жобаға өз көмегімізді көрсетуге дайынбыз. Тұрақты энергия тақырыбында бұл көрме Қазақсатан үшін таптырмас мүмкіндік болатынына сенімдімін. БҰҰ өз үлесін қосуға дайын»-деді Султаноглу ханым.

Джихан Сұлтаноглу ЭКСПО-2017 Бас Комиссар рөлін  атқарып, бүкіл БҰҰ қатысуы жүйесінің жұмысын үлестіреді.

 


Back to the list