08.02.2017
«Қазіргі таңда ЭКСПО-2017 еріктілер саны 4,5 мыңды құрап отыр. Еріктілер үш ауысым бойынша 8 сағат жұмыс істейді. Олар толық тамақтанумен қамтамасыз етіледі. Ол үшін арнайы 3 асхана әзірленді. Бір асхана 1,5 мың орындық. Тамақтану қатаң кесте бойынша жүзеге асырылады. Олардың ұйымдастырушылары көрмеге қарай белгілі болады», - деді Д.Еркенбаев.
Сондай-ақ, ол тамақтануды өз қаражатына алатын тұлғаларды атап өтті.
«Тамақтануды өз қаражатына алатын тұлғаларға келетін болсақ, біз әлеуметтік жағдай бойынша іріктедік, олар үшін тамақтану арзан болмақ. Көрме аясында адам басына тамақтану орташа есеппен 700-800 теңгені құрайтын болады», - деді ол.
Қайрат Жандыбаев