• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЭКСПО-2017  жоғарғы деңгейде өтеді – СІМ басшысы 08.02.2017

ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдасты-рушылар кеңсесіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов бастаған министрлік басшылығы келді.

Ұлттық компания хабарлағандай,  көрме павильондарын қарап шыққаннан кейін, Сыртқы істер министрлігінің делегациясы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті.  

Басқосу барысында ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларымен жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңесті.

«Көрмені ұйымдастыру мен өткізу бағытындағы жұмыс қарқыны, шын мәнінде, ерекше әсер қалдырды. Көрменің әлем назарын аудартатын, жоғары деңгейде өткізілетін айтулы іс-шара болатындығына сенімдімін», - деді СІМ басшысы.

Өз кезегінде, Ахметжан Есімов ұлттық компания тарапынан өткен жылы атқарылған жүмыстармен таныстырып, барлығы 150 ресми кездесулердің, оның ішінде шетелдің премьер-министр, вице-премьер, министр  деңгейіндегі 36 шетелдік делегацияның қатысуымен  өткізілгендігін айтып өтті.

Бүгінгі таңда, 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын растады. Демек, ЭКСПО-2017 көрме өткізу тарихындағы сәтті көрмелердің біріне айналып отыр.

 

 

 


Back to the list