• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада ЭКСПО-2017-ге  таман 2 мыңға жуық  бақылау камералары орнатылады 23.01.2017

Бүгінгі күні елордада 800-ге жуық бейнебақылау камерасы бар, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл тәртіп сақшыларының қылмыстардың алдын алу және оларды ашу бойынша жұмысын едәуір жеңілдетеді.

Алда өтетін ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне орай қала маңы аумағын қамти отырып, тағы да екі мыңнан аса бейнекамера орнату жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, 80 көше қиылысында, 50 желілік учаскеде фото және бейнетіркеу кешендерін орнату көзделген.


Back to the list