18.01.2017
Кездесу барысында тараптар «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық мәселелерін талқылады, деп хабарлады ұлттық компания.
«Ёсу және Тэджонда өткізілген ЭКСПО-дан кейін өнеркәсіпті дамытудың серпініне ие болдық. Қазақстанда өтетін ЭКСПО да осындай нәтиже беретініне сенімдіміз. Біз өз павильонымызды үздік етуді көздеп отырмыз», - деді Ду Юнг Ким.
Қонақтардың айтуынша, Корея көрме аясында бірқатар шараларды өткізеді. Оның ішінде энергетикалық форум, мәдени шаралар мен бизнес-семинарлар, таныстырылымдар өтеді.Кореялық тарап ақпанда өз павильонын дайындауға дайын.